Қазақстан биыл 105 елге өнім экспорттады

0
581

Қаңтар-шілде айларында автомобиль экспорты 7 есеге артты.


Қазақстан биыл 105 елге өнім экспорттады

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның сөзінше, есептік кезеңде экономиканың нақты секторындағы оң өсу жалғасуда. Бұл құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі. Дайын өнім экспортының өсімі байқалады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысының айтуынша, ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларында автомобиль экспорты 7 есеге, ферросилиция - 6 есеге, күнбағыс майы - 1,7 есеге, титан құймасы - 20,5%-ге артты. Есептік кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт қамтамасыз етілді.

«Биылғы 7 айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 28,6 миллиард доллар, импорт 20,1 миллиард доллар болды. Сауда балансының 8,5 миллиард доллар оң сальдосы сақталуда», - деді Руслан Дәленов.