Қазақстан биыл ШЫҰ-ға төрағалық етеді

0
435

Бір жылдың ішінде 80-нен астам іс-шараның өтуі жоспарланып отыр.


Қазақстан биыл ШЫҰ-ға төрағалық етеді

ERNUR.KZ. 2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді, деп жазады baq.kz.

"2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалық етеді. Төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның күш-жігері өзара ынтымақтастықтың барлық бағытын, атап айтқанда, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіруге және оны жемісті ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнама ретінде орналастыруға бағытталады", - деп атап өтті СІМ басшысының орынбасары брифингте.

Оның айтуынша, бір жылдың ішінде 80-нен астам іс-шараның өтуі жоспарланып отыр. Соңғы іс-шара - 2024 жылы Астанада өтетін ШЫҰ саммиті.