Қазақстан бойынша тек 218 талапкер химия-физика пәнін таңдаған

0
523

Қазақстан бойынша тек 218 талапкер химия-физика пәнін таңдаған


Қазақстан бойынша тек 218 талапкер химия-физика пәнін таңдаған

ERNUR.KZ. Қазақстан бойынша 218 талапкер химия-физика комбинациясын таңдаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлағандай, биыл «информатика» пәні ҰБТ-дағы бейіндік пәндер қатарына кірген.

«Осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсушілер «математика-информатика» комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырады», - деді вице-министр.

Өз кезегінде сөз алған Ұлттық тестілеу орталығының директоры биыл талапкерлердің неше пайызы қандай пәндерді таңдағанын хабарлады.

«Биыл талапкерлердің 18%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 10%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады. Жылдағыдай, ең аз таңдалатын комбинация – «Химия-Физика», оны тек 218 бала таңдаған», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.