Қазақстан cотталушылары шахматтан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

0
554

Қазақстан атынан 56 қатысушының арасынан онлайн іріктеуден өткен екі команда (сегіз үздік шахматшы) қатысты.


Қазақстан cотталушылары шахматтан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

ERNUR.KZ. Қазақстанның түзеу мекемелерінің шахматшылары сотталғандар арасындағы құрлықаралық чемпионатта үздік бес команданың қатарына енді. Жарыстар онлайн форматта өтті, деп жазады zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Қазақстан шахмат федерациясының көмегімен Қазақстанның сотталған азаматтары шахматтан бас бостандығынан айырылғандар арасындағы әлем чемпионатына қатысты.

Шахмат федерациясының мәліметінше, Қазақстан өкілдері жалпыкомандалық есепте 4-5-орындарға ие болды. Жүлделі орындар Моңғолия (1-орын) және Үндістан (2, 3-орындар – екі команда) шахматшыларына бұйырды.

Федерация ретінде біз үшін әлеуметтік құрамдас бөлігі де өте маңызды. Бұл барлық адамның өмірлік жағдайларға қарамастан осындай ауқымды шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Біз үшін сотталғандардың қоғамға одан әрі бейімделуіне өзіндік бағыт-бағдар беру – үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Қатысушылардың барлығы осындай жаһандық маңызы бар шараға қатысу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов

Қазақстан атынан 56 қатысушының арасынан онлайн іріктеуден өткен екі команда (сегіз үздік шахматшы) қатысты.