Қазақстан елшісі Түрікменстан президентіне сенім грамоталарын табыс етті

0
956

Түрікменстан басшысы бауырлас екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті.


Қазақстан елшісі Түрікменстан президентіне сенім грамоталарын табыс етті

ERNUR.KZ. 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшісі Еркебұлан Сәпиевті сенім грамоталарын табыстау үшін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оғызхан» сарайында өткен кездесу барысында Түрікменстан басшысы бауырлас елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. Бұл ретте, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан – Түрікмен стратегиялық серіктестігінің дамуына қосқан зор үлесіне ерекше назар аударды.

Тараптар саяси-дипломатиялық диалог, сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық пен мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестікті дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Елбасы Н.Назарбаев және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа жүрек тілегін жеткізіп, елшіге Қазақстан – Түрікмен ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Сол күні қазақстандық елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыстау үшін Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.