Қазақстан ипотеканың қолжетімділігі бойынша әлемде 74-ші орынға жайғасты

0
2 444

Тұрғын үй алу үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі нарықтағы бағаның күрт өсуіне себеп болды.


Қазақстан ипотеканың қолжетімділігі бойынша әлемде 74-ші орынға жайғасты

Қазақстан ипотеканың қолжетімділігі бойынша әлемдік рейтингте 109 елдің ішінде 74-ші орынға жайғасты. Бұл елімізде жеке баспанаға қол жеткізуге тек қалталылар ғана қауқарлы екенінің көрсеткіші, деп хабарлайды ERNUR.KZ finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, тұрғын үй алу үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі нарықтағы бағаның күрт өсуіне себеп болды.
Property Prices Index by Country есебіне сәйкес, Қазақстанда көлемі 90 ш.м. пәтер немесе үйдің (20 жыл мерзімге ипотекаға) ай сайынғы төлемі бір отбасының ай сайынғы табысынан 1,5 есе асып түскен.
Ең қол жетімді ипотека Сауд Арабиясы, Пуэрто — Рико және АҚШ сияқты елдерде. Аталған елдерде ай сайынғы ипотека төлемі отбасы кірісінің 30%-ынан аспайды екен.
ЕЭО елдері арасында Ресейдің рейтингі жоғары, ипотекаға қолжетімділік бойынша 65-ші орынға ие болды. Дегенмен ай сайынғы төлем отбасының табысынан 30,3%-ға артық. Армения 93-ші орында, Беларусь — 96-шы, Қырғызстан — 98-ші орында; бұл елдерде ипотека бойынша ай сайынғы төлем отбасының табысынан тиісінше 2,3, 2,5 және 2,6 есе асады.

Рейтингтің ең соңында, яғни 109-шы орында — Аргентина, онда ай сайынғы төлем отбасының табысынан 9,4 есе көп. Ал Иран - 108, Сирия - 107-ші орында, онда ипотека бойынша төлем отбасының табысынан 7,1 және 7,3 есе көп.