Қазақстан Италия, Чехия және Грекияға ұшатын рейстерді жаңғыртады

0
655

Ресей, Түркия, Мысыр және Грузияға рейстер саны артып жатыр.


Қазақстан Италия, Чехия және Грекияға ұшатын рейстерді жаңғыртады

ERNUR.KZ. Қазақстанның халықаралық әуе тасымалының бағдарлы желісі аптасына 433 рейске дейін ұлғаяды, деп жазады sputnik.kz.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалының бағдарлы желісін кеңейтуді жалғастырып жатыр.
Жазда 99 бағыт бойынша (81-ден 99-ға дейін) ұшулар саны аптасына 81-ге (аптасына 352-ден 433-ке дейін) артады.
Италия, Чехия және Грекияға ұшатын жаңа рейстер ашылды. Сонымен қатар қазақстандықтар үшін магистральді бағыттар саналатын Ресей, Грузия, Түркия және Мысырға қатынайтын рейстер саны артып келеді.