Қазақстан қант импортына қосылған құн салығын алып тастауы мүмкін

0
419

Сондай-ақ балық аулайтын кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70%-ға төмендетіледі.


Қазақстан қант импортына қосылған құн салығын алып тастауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандық қант импорттаушылары үшін қосымша құн салығы алынып тасталуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздің Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырды.

«Қант өндірісін ынталандыру үшін шикі құрақ қантының импортын қосымша құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілерін қосымша құн салығынан босатудың қолданыстағы жеңілдік мерзімін ұзарту ұсынылып отыр», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, түзетулер отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ балық аулайтын кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70%-ға төмендетіледі.

«Келесі норма тазартылған алтынды сатуға қатысты. Қазір Ұлттық банкке мұндай алтынды сату қосылған құн салығынан босатылады. Осы норманы алтынды зергерлерге де сату кезінде қолдану ұсынылады», - деді Ә. Қуантыров.