Қазақстан халқы Ассамблеясы да арыстықтармен бірге!

0
920

Нұр-Сұлтан қаласы «Достық» үйінде арнайы штаб құрылып, «Арыс. Біз біргеміз!» акциясы өтті.


Қазақстан халқы Ассамблеясы да арыстықтармен бірге!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Арыс қаласына гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты еліміздің барлық өңірлерінен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатқаны белгілі. Осы игі істен Қазақстан халқы ассамблеясы да шет қалған жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ассамблея мүшелері Арыс жұртшылығына қолдау көрсете білді.

Нұр-Сұлтан қаласы «Достық» үйінде арнайы штаб құрылып, «Арыс. Біз біргеміз!» акциясы өтті. Осы акция аясында жиналған 7 млн. теңгені құрайтын 40 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар мен киім-кешек, төсек-орындарды арнайы жүк көлігімен Арыс қаласына жеткізілді.

Сонымен бірге ассмблея мүшелері заттай және қаржылай көмек көрсетіп, арыстықтармен бірге екенін көрсетті.