Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан депутаттар сайланбайды – Президент

0
652

Мәжілістегі квота Сенатқа ауыстырылды.


Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан депутаттар сайланбайды – Президент

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілістегі квотасы сенатқа ауысып, депутаттар саны қысқарды. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Парламенттің төменгі палатасы кез-келген адамға жасанды преференциялар бермей, елдің бүкіл электоралдық ландшафтын көрсетуі керек. Осылайша, біз мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз. Меніңше, бұл шешім саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды»,- деді Президент.

Сондай-ақ, Сенаттағы президенттік квота саны да 10 депутатқа қысқарды.

«Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым»,-деді Мемлекет басшысы.