Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты

0
389

Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.


Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты

фото: tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйістер болды, деп жазады ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметін атқарған тұлғалар қызметінен босатылды.

"Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк бұл қызметке жаңадан тағайындалды.
"Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.