«Қазақстан халқына» қорына 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті

0
688

Қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын шоғырландырады деп жоспарлануда.


«Қазақстан халқына» қорына 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті

ERNUR.KZ. «Қазақстан халқына» қорына 16-27 қаңтар аралығында 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

«2022 жылғы 16-27 қаңтар аралығында Қорға 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын шоғырландырады деп жоспарлануда. Біздің болжамды есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражаттың түсуі көзделмеген. Біз қазақстандық ірі кәсіпорындар мен олардың акционерлеріне қайырымдылыққа елеулі үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз», - делінген аталған қордың баспасөз хабарламасында.

26-27 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

- Өтемұратов Болат Жәмитұлы - 10 млрд теңге;

- «РАМС-КАЗАХСТАН» ЖШС – 300 млн теңге.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.