Қазақстан халық партиясы алдағы президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

0
1 112

2021 жылы өткен парламент сайлауында Қазақстан халық партиясы 9 пайыздан астам дауыс жинап, парламентке өтті.


Қазақстан халық партиясы алдағы президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан халық партиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан халық партиясы мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында жарияланған саяси өзгерістерге толық қолдау білдіреді. Кезектен тыс президент сайлауында, біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз", - делінген партияның мәлімдемесінде.

2021 жылы өткен парламент сайлауында Қазақстан халық партиясы 9 пайыздан астам дауыс жинап, парламентке өтті.

Тоқаев бүгінгі жолдауында осы жылдың күзінде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Сонымен бірге ол сайлаудан кейін президент өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз бес жылдан жеті жылға ұзарту туралы бастама көтеретінін мәлімдеді.
Қазақстан халық партиясын Ермұхамет Ертісбаев басқарады.