Қазақстан халық партиясы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

0
373

Астанада Қазақстан халық партиясы кезектен тыс XXI съезінде президент сайлауына партияның атынан кандидат ұсынды.


Қазақстан халық партиясы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

ERNUR.KZ. Халықтық партия бірауыздан қабылданған шешіммен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп жазады sputnik.kz.

"Біз қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Бұл туралы бұрын да айттық. Осы ұстанымда қала береміз. Халық партиясының барлық бастамасы президенттің Қазақстан халқына жолдауында қамтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын білесіздер. Бірақ президент Тоқаевтың саясаты бізге жақын, Қазақстан халық партиясының идеологиясы мен құндылықтарына толығымен сәйкес келеді", - деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.
Ол партия парламент сайлауында билік үшін күресетінін мәлімдеді.
"Біздің мақсатымыз – жеңіске жету және халық сенетін үкімет жасақтау", - деп атап өтті Ермұхамет Ертісбаев.
Бүгінгі таңда саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден мына кандидаттар ұсынылды: Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП); Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; Мейрам Қажыкен – "Аманат" кәсіподақтар достастығы.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну процесі жалғасып жатыр. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.