Қазақстан құрамасы спидкубингтен Азия чемпионатында үздік үштікке енді

0
2 255

Спидкубингтен Азия Чемпионаты әр 2 жыл сайын өтеді.


Қазақстан құрамасы спидкубингтен Азия чемпионатында үздік үштікке енді

ERNUR.KZ. Бүгін, 14 тамызда сағат 18:00-де спидкубингтен Азия Чемпионатының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтуде, деп жазады baq.kz.

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Тек жарыстың алғашқы күнінің өзінде Қазақстан құрамасы екі медальға ие болды.

Спидкубингтен Азия Чемпионаты әр 2 жыл сайын өтеді. Қазақстан - Азия Чемпионатын қабылдау құқығын жеңіп алған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Бұл ТМД елдерінде өтіп жатқан алғашқы чемпионат екендігін де атап өту керек.

Бүгінгі таңда қазақстандық куберлердің саны 10 000 жоғары, кәсіби куберлердің саны 1 000 адамнан асты. Салыстырмалы түрде, 2017 жылы бұл спорт түрінде елімізде тек 16 адам ғана болған екен.
Спидкубингтен Азия Чемпионатына 13 елден, оның ішінде Қытай, Жапония, Үндістаннан 116 қатысушы болды.
Айта кетейік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы іс-шараның ұйымдастырушыларының бірі және ақпараттық серіктесі.