​Қазақстан-Кувейт тікелей әуе байланысы орнауы мүмкін

0
1 239

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату мәселесін талқылады.


​Қазақстан-Кувейт тікелей әуе байланысы орнауы мүмкін

ERNUR.KZ. Астанада Қазақстан Республикасындағы Кувейт мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі Тарик Абдулла Аль-Фарадж бен ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев кездесті, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату мәселесін талқылады.

Қазіргі уақытта екі елдің белгіленген авиакомпаниялары Астана мен Кувейт қалалары арасына аптасына 7 жолаушы / жүк / аралас рейстерді орындауға құқылы.

Кувейт тарапынан «Kuwait Airways», «Wataniya Airways» және «Jazeera Airways» әуе компаниялары белгіленген.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қою және басқа да жұмыстарды жалғастыруға келісті.