Қазақстан Қытайдағы коронавирусқа байланысты шекарада бақылау шараларын күшейтті

0
364

Бұл вирустың адамнан адамға жұғатыны белгілі болды.


Қазақстан Қытайдағы коронавирусқа байланысты шекарада бақылау шараларын күшейтті

ERNUR.KZ. Қытайда жаңа коронавирусты пневмонияны жұқтырғандардың саны 217 адамға жетті. Оның 198-і ауру басталған Ухань қаласының тұрғындары, деп жазады Atameken Business.

Сонымен қатар, 14 медицина қызметкері қауіпті дертті бір пациенттен жұқтырғаны анықталды. Осылай вирустың адамнан адамға жұғатыны белгілі болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы «А» типті пневмонияның өршуіне байланысты төтенше комитеттің отырысын өткізбек. Ал, Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтті.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет