Қазақстан Қытайға жұмыртқа экспорттамақ

0
939

Бүгінде тағамдық жұмыртқа өндірушілер өнімін Ауғанстан, БАӘ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды елдерге ұсынуда.


Қазақстан Қытайға жұмыртқа экспорттамақ

ERNUR.KZ. Пандемия кеңселерді жалға алушылардың қос бүйірінен қысты. Бүгінде қалада 70-тен аса бизнес кеңсе бар. Бұл дегеніміз 1 млн шаршы метр коммерциялық нысан. Біразы қазір бос тұр. Әсіресе түрлі тауарларды сатумен айналысатын ритейлерлердің жағдайы мүшкіл, деп жазады 24.kz.

Олар сатып үлгірмеген тауарларының шығынын игере алмай қалды. Індет өршіген заматта халықтың бірдеңе сатып алуға зауқы азайғаны сөзсіз. Соның салдарынан сатылым үлесі едәуір төмендеген. Карантиннен кейін кеңсесіне оралмаған кәсіп иелері қаншама. Өйткені онлайн сатылымға көшкен. Қазір сауда ғимараттарының 20 проценті қаңырап тұр. Бұл туралы консалтингтік компания директоры Лев Тетин айтты. Енді болжам бойынша мұндай кеңселердің тынысы келер жылдың екінші жартысында ғана қалпына келуі ықтимал.

Коронавирус жұқтырған азаматтарға сақтандыру ақысы төлене бастады. Сақтандыру сыйақысы 4900 теңгеден басталады. Індет жұқтырғандардың шотына 100 мың теңге түседі. Науқас қайтыс болса, оның отбасына 1 млн теңге төленеді. 9800 теңге төлеп, 200 мың теңгеге ие бола аласыз. Індет өмірін қиған азаматтың отбасы 2 млн теңгеден үміт ете алады. 24500 теңге сыйақы төлеп, 500 мың теңге аласыз. Ал науқас ажал құрығына түскен болса, марқұмның отбасына 5 млн теңге төленуі тиіс. Ел бойынша 2000-ға тарта медицина қызметкері КОВИД 19 жұқтырған. Бұл жалпы науқастардың 12 проценті. Қазір сол мамандардың біріне сақтандыру ақысы, яғни 500 мың теңге төленді. Бүгінде Алматыда 1000-нан аса адам өмірін сақтандыруға ниет білдірген. Оның екеуі тиісті өтемақысын алды. Еске салайын, төтенше жағдай кезеңінде азаматтарды мемлекет сақтандырған болатын. Қазір барлығы жеке сақтандыру ұйымдарына жүгінуі керек. Бастысы, өтініш толтыру, 5 минутыңызды ғана алады. Сақтандыру мерзімі жарты жылға жарамды.

Жени Давлетчарова: - "Мен отбасымды осы індеттен қорғағым келеді. Сондықтан 24500 теңгеге сақтандыру полисін сатып алдым. Бұл өте ыңғайлы. Біреуіміз ауруханаға түсетін болсақ, 500 мың теңге аламыз. Қайғылы жағдай орын алса, 5 млн теңге төленеді. Біз олай болғанын қаламаймыз. Сондықтан бетперде тағып, барынша сақтанып жүрміз".

Елімізде жылына 240 млн инкубациялық жұмыртқа шығарылуы мүмкін. Бұл ТМД аумағындағы бірегей жоба. Биыл 395 мың тонна тауық етіне сұраныс болады. Бұл былтырғыға қарағанда артық көрсеткіш. Қазір құс фабрикалары ЕАЭО елдерінен, соның ішінде Ресей мен Еуропадан жалпы құс басының 80% көлемінде асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқа мен тәуліктік балапандарды импорттауға мәжбүр.

Айта кетейін, елімізде жарты жыл болды, жұмыртқа бағытындағы өндірушілерге субсидия төленбейді. Бұл туралы құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов айтты. Бірақ бройлерлік құс фабрикалары сатылған өнім үшін мемлекеттік қолдау алып отыр. Жалпы инкубациялық жұмыртқаның құнын өндіруші белгілейді. Орташа алғанда өнімді 3-5 еуроға алуға болады. Бүгінде тағамдық жұмыртқа өндірушілер өнімін Ауғанстан, БАӘ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды елдерге ұсынуда. Болашақта тізімді Қытай толықтырады. Негізінен Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ғана жұмыртқа өндірісі жолға қойылмаған.

Ең арзан өнім Алматыда сатылып жатыр. Мұндағы баға - 250 тг, Қостанайдан 10 дана жұмыртқаны 260 тг алуға болады. Өскеменде өнім бағасы 265 теңге. Ақтөбеден 280 тг дейін табуға болады, ал Павлодарда 20 тг қымбат. Талдықорғанда жұмыртқа бағасы 310 теңге болса, елордада 400 тг сатылып жатыр.

Елімізде доллардың орташа бағамы 401,93 теңге. Еуро 452,52 теңге. Ресей рублі 5,70 теңге.