Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

0
517

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.


Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

ERNUR.KZ. 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.

Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетін кез келген адамға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.