Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді

0
481

​Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келеді, деп жазады sputnik.kz.

Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

2021 жылдың 7 қарашасынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Embraer Е190 – Е2 әуе кемесі арқылы бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейспен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы 2021 жылдың 6 қарашасынан бастап А – 319 әуе кемесі арқылы сенбі күндері аптасына 1 рейспен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.

Әзірбайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешіміне және Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстан мен Литва арасында әуе қатынасы ашылатыны хабарланды. Литва мен Қазақстанның азаматтық авиация басшылығы арасында Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс тұрақты бағдарын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті.

Бағдар операторы ретінде Wizz Air венгриялық әуе компаниясын бекіту жоспарланған. Рейстер 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Башқұртстан астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.