Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы 12 қыркүйекте жанданады

0
645

​17 тамыздан аптасына 23 рейс жиілігімен Қазақстаннан төрт елге халықаралық рейстер жанданған болатын.


Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы 12 қыркүйекте жанданады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар 12 қыркүйектен бастап Египетке ұша алады, деп жазады sputniknews.kz.

"Египетке рейстер осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда", - делінген хабарламада.

17 тамыздан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша Қазақстаннан 4 елге халықаралық рейстер жанданды:

  • БАӘ (11 рейс): 17 тамыздан Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс);
  • Германия (5 рейс): 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт (5 рейс);
  • Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы - Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс);
  • Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы - Киев (3 рейс) бағыты бойынша.

Айта кетсек, 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Рейстер санитарлық нормаларды сақтай отырып орындалады. Қазақстанның барлық әуежайында дезинфекция жұмыстары күшейтілуде, санитайзерлер орнатылды, карантин шаралары сақталуда (маска мен қолғапты міндетті түрде кию).

Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің дене қызуы өлшенеді.