Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің саны артады

0
481

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Алматы-Доха және Астана-Доха бағыттары бойынша рейстердің саны аптасына 7-ден 14-ке дейін, ал әр тараптан жүк рейсінің саны 7-ден 10-ға дейін артты.


Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің саны артады

ERNUR.KZ. Биыл Алматы мен Доха арасында әуе рейстерінің саны артады. Ал келесі жылдан бастап Астанадан Катар астанасына дейін күн сайын ұшатын болады, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстан авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Катар авиациялық билігінің басшысы Мұхаммед әл-Хаджра өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ол екі ел арасындағы рейстердің санын екі арттыруды көздейді.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, Алматы-Доха және Астана-Доха бағыттары бойынша рейстердің саны аптасына 7-ден 14-ке дейін, ал әр тараптан жүк рейсінің саны 7-ден 10-ға дейін артты.
"Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін ұлғаяды", - деп атап өтті комитет.
Ведомствоның мәліметінше, қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде "Qatar Airways" әуе компаниясы осы жылдың соңына дейін Алматы - Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
"2024 жылдың ортасында әуе компаниясы Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр", - делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Комиет атап өткендей, "Qatar Airways" әуе компаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде "Боинг-787 Дримлайнер" үлгісіндегі кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдаланады.
"Келіссөздер барысында әуе компаниясы Қазақстан Республикасына рейстерде әуе кемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады", - деп атап өтті комтет.