Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады

0
716

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артады

ERNUR.KZ. 2023 жылы 3 қаңтардан бастап катарлық Qatar Airways авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр, - деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Осылайша, екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады. Сонымен қатар, Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылдың көктем-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.