Қазақстан мен Қырғызстан су бойынша келіссөздерді ақпан айында бастайды – министр

0
580

Министр Қырғызстандағы су қоймаларында қанша су жиналғанын айтты.


Қазақстан мен Қырғызстан су бойынша келіссөздерді ақпан айында бастайды – министр

ERNUR.KZ. Қазақстан Қырғызстанмен Жамбыл облысына түсетін су бойынша наурыз айында уағдаласады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, ақпан айында министрлік өкілдері қырғызстандық әріптестерімен навигацияаралық және вегетация кезеңі мәселелерін талқылау үшін Шымкентте бас қосады.
"Ал Жамбыл облысына түсетін су көлемі бойынша қырғыз тарапымен наурыз айында уағдаласуды жоспарлап отырмыз. Қанша су жиналғанын қараймыз, сосын "Қазгидромет" сумен қамту бойынша осы жылға өз болжамын береді, нақты цифрларды наурызда ғана айта аламыз", – деді Нұржігітов мәжіліс кулуарында.
Министр Қазақстан су алатын Қырғызстандағы су қоймалары қаншалықты толғанын айтты.
"Қазіргі таңда Киров су қоймасында су көлемі былтырғымен салыстырғанда 40 млн текше метрге көп. Бұл су қоймасы қазір жинау режимінде тұр. Біз Қырғызстандағы әріптестерімізбен су қоймасын толтыру үшін ішінара суды сәуір айынан жіберу туралы уағдаласып жатырмыз. Жамбыл облысы бойынша – Шу ауданындағы үлкен Тасөткел су қоймасында 300 млн текше метр су жиналған. Егер өткен жылмен салыстырсақ, дәл осы кезде 135 млн текше метр болған еді, яғни екі есе көп су жиналды", – деді министр.
Нұржігітовтің айтуынша, Қырғызстандағы Орто-Токой су қоймасына қатысты мәселе туындап отыр. Онда су көлемі былтырғыға қарағанда төмен.