Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарларды сақтау туралы Меморандумға қол қойды

0
307

Самарқанд қаласында жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі Конвенция (Бонн конвенциясы) тараптарының (COP 14) кездесуі өтіп жатыр.


Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарларды сақтау туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан Үстірт түбегінде мекендейтін жануарлар дүниесін сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумның негізгі мақсаты – екі елдің аймағында қоныс аударып жүретін қарақұйрық, азиялық леопард, жабайы арқар, құлан және тағы басқа жануарлардың сүтқоректілерінің негізгі түрлерін сақтау бойынша трансшекаралық ынтымақтастық орнату.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Қазақстандағы қар барысын сақтау және оның мекендейтін жерлерін зерттеу бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған панельдік талқылауға қатысты.
"Онда жабайы сүтқоректілердің еркін қоныс аударуын қамтамасыз ету, трансшекаралық қорғалатын аумақтар желісін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан Өзбекстанмен және Қырғызстанмен бірге Африка мен Еуразияда қоныс аударатын жыртқыш құстарды сақтау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қосылды. Меморандум конвенцияның шеңберінде қолданылатын болады.