Қазақстан мен Ресей арасында 20 жаңа шекара бекеті салынып жатыр

0
1 683

Шекара бекетін салу "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында жүріп жатыр.


Қазақстан мен Ресей арасында 20 жаңа шекара бекеті салынып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа бекет тұрғызып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің шекара қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев.
Оның айтуынша, шекара бекетін салу "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында жүріп жатыр. Жоспар бойынша барлығы 50 бекет құрылысы қарастырылған.
"Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен тікелей шекарада солтүстік бағытта 20 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік шекарада үш модульдік бекет құрылысы жүріп жатыр", - деді Ахметқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұл ретте еліміздің оңтүстік-батысында соңғы бес жылда модульдік үлгідегі 15 шекара бекеті пайдалануға берілді, деп қосты ҰҚК өкілі.