​ Қазақстан мен Ресей шекарасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат жалған

0
490

ІІМ жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.


​ Қазақстан мен Ресей шекарасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат жалған

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында қақтығыс болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

"Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр", - деп жазды STOPfake.
ІІМ мұның бәрін жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық жаттығуларға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.