Қазақстан мен Ресей үш жылу электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойды

0
627

Путин Астанаға бүгін таңертең ресми сапармен келді.


Қазақстан мен Ресей үш жылу электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойды

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойды, деп жазады stan.kz.

Ресей Президенті Владимир Путиннің Астанаға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев ресейлік әріптесі Николай Шульгиновпен “Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасындағы Көкшетау ЖЭО, Семей ЖЭО және Өскемен ЖЭО құрылыс жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік” туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, Путин Астанаға бүгін таңертең ресми сапармен келді. Ресей президенті Владимир Путин президенттің шақыруымен келді. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.