Қазақстан мен Түркия бірігіп ашқан зауыт өндіріс көлемін үш есе ұлғайтты

0
831

Алматы облысында орналасқан бұл өндіріс орны – ПВХ (поливинилхлорид) терезелерге арналған жабдықтар шығаратын еліміздегі жалғыз зауыт.


Қазақстан мен Түркия бірігіп ашқан зауыт өндіріс көлемін үш есе ұлғайтты
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия бірігіп ашқан зауыт 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жуырда кәсіпорын өндірісін 1000 тоннадан 3000 тоннаға ұлғайтты. Нәтижесінде бастапқыда орналасқан 1800 шаршы метр аумақтан, зауыт көлемін 5000 шаршы метрге кеңейткен, деп жазады inbusiness.kz.

«Реинвестициялау нәтижесінде кәсіпорынның өндіріс базасы 6000 шаршы метрден асты. Ал 2020 жылы оны 13000 шаршы метрге дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Модернизациялаудан кейін 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, шығаратын өнімдеріміздің түрін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Дәлірек айтсақ, алюминийден жасалған есік пен терезе қырларына арналған жабдықтар жасау. Ал зауыттың өндіріс көлемін арттыруға арналған инвестиция көлемі 5 млн доллар. Қазіргі кезде кәсіпорындағы жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды»,– дейді Fores зауытының бас директоры Альмира Бердіғұлова.

Бұл зауыт қазіргі кезде еуропалық стандарттар негізінде алюминий жүйелер мен ПВХ терезелерге арналған жабдықтар шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Ол әлемдегі жетекші өндіріс орны AKpen Plastik зауытының Қазақстандағы ресми бөлімі.