Қазақстан оқушылары информатикадан еуропалық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

0
580

EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады.


Қазақстан оқушылары информатикадан еуропалық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. 8-14 қыркүйек аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа Кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды:
Алтын - Мамадахунов Мансур - Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Күміс - Серікбай Сұңғат - Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Күміс - Аменов Әлем - Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Қола – Алдамжаров Әлішер - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері: Сатылханов Темірлан Қайратұлы-Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.