Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

0
743

Осыған байланысты осы өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға өз маршрутын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.


Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

ERNUR.KZ. Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы" "Даут-ата" – "Тәжен" өткізу пунктінде (автомобиль) адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша "Қарақалпақстан" – "Бейнеу" бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарланып отыр", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.
Осыған байланысты осы өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға өз маршрутын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.