Қазақстан президенті АҚШ мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

0
621

Әңгіме барысында COVID-19 пандемиясымен күресте АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастық орнатуы маңызды екені аталып өтті.


Қазақстан президенті АҚШ мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирусқа қатысты жағдайды талқылады, деп жазады sputniknews.kz.

"Мемлекеттік хатшы Помпео мен президент Тоқаев COVID-19 пандемиясымен күресте АҚШ пен Қазақстанның берік ынтымақтастық орнатуы маңызды екенін атап өтті", - деп хабарлады мемлекеттік департамент.

Тоқаев пен Помпео екіжақты және халықаралық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратындарын айтты.

Помпео Қазақстанда өңірлік орталық ашқан АҚШ-тың CDC санитарлық ведомствосы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.