Қазақстан Президенті Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды

0
813

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда жүр.


Қазақстан Президенті Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қою рәсімінен бастады. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бейжіңдегі халық батырларының ескерткіші - үш қабатты обелиск, ҚХР ұлттық монументі. Оны XIX және XX ғасырларда Қытай революцияларында қаза тапқан батырлардың құрметіне салған.


Еске салайық бұл күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда жүр.