Қазақстан президенті Зеленскийді құттықтады

0
905

Владимир Зеленский Украина президенті сайлауында 73,18 пайыз дауыспен көш бастап келе жатыр.


Қазақстан президенті Зеленскийді құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.