Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

0
236

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.


Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті өкілеттігінің ауысуы 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық заңның 27-бабында көрсетілген, деп жазады sputniknews.kz.

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі. Ант мәтіні:

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн".

Республика президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.

2019 жылы президент кезектен тыс сайлауда сайланатындықтан, ант беру рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

Бұл жағдайда ант беру күнін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Ант беру салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, сондай-ақ елдің барлық бұрынғы президенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Президент елдің Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан республикасының мемлекеттiк гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке Қазақстан республикасы президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет