Қазақстан Президентінің ресми сайты жаңарды

0
2 623

Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған.


Қазақстан Президентінің ресми сайты жаңарды

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңа форматта іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және Президенттің Баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген. Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды. Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ ол Қауіпсіздік Кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланатынын атап өтті. Сонымен қатар мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді.
Айта кетсек, Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған.