Қазақстан-Ресей шекарасынан ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді - ҰҚК

0
439

Героин затын ол жүк көлігінің дөңгелегіне жасырған.


Қазақстан-Ресей шекарасынан ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді - ҰҚК

Қазақстандық шекарашылар Ресеймен шекарада героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сырым» автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) «Леди» атты қызметтік итті пайдалана отырып, Қырғызстан азаматы Т.-ның басқаруындағы «Renault Magnum» автомашинасында жалпы салмағы 135 кг, 493 гр, 52 мг өзіне тән иісі бар, ақ-сұр түсті заты бар автомобильдің артқы дөңгелектерінде жасырылған пакеттер анықталды.

Ұсталған және тәркіленген зат одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.

Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 39 кг 341 гр, 77 мг героин және салмағы 96 кг 151 гр 75 мг гашиш екені анықталды.

Өткізу пункттерінде тексеру жүргізу кезінде қызметтік иттер - таптырмайтын көмекші. Былтыр желтоқсан айында «Джек» атты қызметтік иттің көмегімен қазақ-қырғыз шекарасында жалпы салмағы 60 кг, 370 гр героиннің ірі партиясы табылды.