​Қазақстан ресейлік туристер жиі баратын елдердің қатарына кірді

0
1 106

Бұл туралы ТурСат агенттігі хабарлайды.


​Қазақстан ресейлік туристер жиі баратын елдердің қатарына кірді

ERNUR.KZ. 2018 жылдың алғашқы қорытындысы бойынша, Қазақстан ресейлік туристер жиі сапарлайтын елдердің алғашқы бестігіне кірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТурСат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанға саяхаттайтын ресейліктердің саны 1% артып, 1 млн 287 мыңға жеткен. 2018 жылдың алғашқы алты айында шетелге саяхаттайтын ресейліктердің саны өткен жылмен салыстырғанда 9% өсіп, 18,6 млн-ды құраған. Ресейлік туристер арасында танымал он елдің тізімі:

1. Түркия, 2 млн 281 мың (+40%)

2. Абхазия, 1 млн 751 мың (+5%)

3. Финляндия, 1 млн 559 мың (+1%)

4. Қазақстан, 1 млн 287 мың (+1%)

5. Украина, 1 млн 074 мың (+8%)

6. Қытай, 908 мың (-4%)

7. Эстония, 858 мың (+5%)

8. Таиланд, 679 мың (+18%)

9. Германия, 591 мың (+4%)

10. БАӘ, 545 мың (+52%)