Қазақстан сарбаздары халықаралық ойындардың жаңа байқауына бірінші болып шығады

0
150

Ресей командасы бұл сайысты түйіндейді.


Қазақстан сарбаздары халықаралық ойындардың жаңа байқауына бірінші болып шығады

ERNUR.KZ. Қазақстандық әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауына қатысуға дайын, деп жазады ҚазАқпарат.

Моңғолия Қарулы Күштері Біріккен оқу-жаттығу орталығының базасына келген сәттен бастап біздің команда толық таныстырылым маршрутынан өтті. Командалар байқау маршруттары бойынша жол жүрген кезде ат марафонының кезеңдері өтетін жердің ландшафтымен танысып, жеребе тастау арқылы жылқыларды іріктеді, атпен жүру үшін оларды жүгендеп, ерттеді.

Қатысушылар мен бапкерлер штабы жүру жылдамдығын емес, байқау кезеңдерін дұрыс әрі сапалы орындауда шеберліктерін ұштады.

Қазақстан құрамасы уақыт пен ауа райындағы айырмашылыққа қарамастан бірден бейімделіп, жаттығулар барысында қиындықтарға тап болмады. Кезек бойынша Қазақстан командасы қашықтыққа атпен шабу байқауында бірінші болып шықпақ. Одан кейін Қырғызстан құрамасы мен Моңғолия шықса, Ресей командасы бұл сайысты түйіндейді.

Айта кетейік, ат марафоны 3-8 тамыз аралығында өтеді. Байқау төрт кезеңнен, яғни, дайындық, ат марафоны, қысқа қашықтыққа аралас эстафета және шешуші кезеңнен тұрады.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет