"Қазақстан" шахтасында кен өндіру жұмыстары толығымен тоқтатылды

0
2 495

170 метр тереңдікте орналасқан кенжардың апаттық өткелдерін гипсті бөгеттермен толығымен жауып тастады.


ERNUR.KZ. Кеніштегі өндіріс белгісіз уақытқа тоқтатылды, бірақ басқа жұмыс түрлері жалғасып жатыр. 600 кенші мен басқа да шахта қызметкерлері жұмыссыз қалмайды, деп жазады sputnik.kz

"Біз "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығымен "Қазақстан" кенішінің жұмысшыларына еңбекақыны атқарған жұмысына қарай төлеуге, бірақ орташа жалақыдан төмендетпеу туралы келісімге келдік", – деп мәлімдеді кәсіподақ қоғамының өкілдері.
Кәсіподақ ұйымы атап өкендей, апат болған кенжар гипсті бөгеттермен бұғатталған. Ол температура төмендеп, ішіндегі жағдай адамдарға қауіпсіз болғанда ашылады.
"Қазақстан" шахтасында 17 тамызда Д6 көмір еңісін игеру кезінде конвейер лентасы өртенді. 227 кеншінің 222-сі эвакуацияланды, бесеуі көз жұмды.