«Қазақстан» шахтасындағы өрттен екі адам қаза тапты

0
894

Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған.


«Қазақстан» шахтасындағы өрттен екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған өрттен екі адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді.

Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған. Бұған дейін 222 адамның жер бетіне шығарылғаны хабарланды.

Екі адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.