"Қазақстан" шахтасындағы трагедия: бүгін тергеудің нәтижесі жарияланады

0
601

Күндіз сағат 12:00-де арнайы брифинг өтеді.


ERNUR.KZ. Бүгін "Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы жарияланады, деп жазады sputnik.kz.

Күндіз сағат 12:00-де арнайы брифинг өтеді. Оған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, апаттық-құтқару қызметінің филиал директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гарифулов қатысады. Бриифинг "SARYARQA" телеарнасының ғимаратында өтеді.
Жедел желі: +7 (7212) 411130. Айта кетері, шахтада 170 метр тереңдікте өрт шықты.
Бес адам қаза тапты. Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды. Ал өрт әлі өшірілген жоқ.