Қазақстан шекарасынан өте алмай жүрген мыңдаған өзбек мигранты елдеріне оралды

0
646

Көрші ел азаматтары үйлеріне екі апта бойы қайта алмаған.


Қазақстан шекарасынан өте алмай жүрген мыңдаған өзбек мигранты елдеріне оралды

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы «Жібек жолы» бекеті арқылы кешеден бері 3700-ден астам адам Өзбекстан аумағына өтті, деп хабарлайды Хабар24.

Бұған дейін көрші ел азаматтарының үйлеріне екі апта бойы қайта алмай, далада түнеп жүргені хабарлаған еді.

Енді өзбек билігі шекарадан асуға кедергі болған барлық техникалық проблеманы жойғанын айтып отыр.

"Отанына оралған өзбекстандықтардың бәрі карантинге жатқызылады", деп ескертеді Өзбекстанның Сыртқы істер ведомствосы.