Қазақстан су сапасы бойынша рейтингте 179 елдің ішінен 54-орынды иеленді

0
550

Бір жылдың ішінде елімізге келетін ауыз су мөлшері 1%-ға азайып, ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше 2%-ға артқан.


Қазақстан су сапасы бойынша рейтингте 179 елдің ішінен 54-орынды иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстан су сапасы бойынша рейтингте 179 елдің ішінен 54-ші орынды иеленді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алғашқы ондыққа Аустрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания елдері кірді.

Бір жылдың ішінде елімізге келетін ауыз су мөлшері 1%-ға азайып, ішіге жарамсыз судың көлемі керісінше, 2%-ға артқан.

Қазақстандықтар тұтынатын табиғи судың көлемі осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2,2 млрд текше метрді құраған. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Ал 2019 жылдың он екі айында бұл көрсеткіш 3 млрд текше метр болған.

Соңғы тоғыз айдың ішінде тіршілік көзінің 61,2%-ы (1,4 млрд текше метрі) ішуге жарамсыз судың көрсеткішін құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,1%-ға көп.

Ал ішуге жарамды судың көрсеткіші 38,8%-ға тең келіп, 857,3 млн текше метрді құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.

2020 жылдың қыркүйек айында ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі 0,1%-ға арзандаған.