Қазақстан Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ

0
187

Ұшулар көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.


Қазақстан Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ

ERNUR.KZ. Қазақстан 10 тамыздан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандырмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Коронавирус індетінің таралуына байланысты әуе тасымалы тоқтатылған сәтке дейін Қазақстан 26 шет мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасында болды. Осы жылдың 1 мамырынан бастап ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында ішкі авиарейстер кезең-кезеңмен қайта жандандырылды. Қазіргі кезде ішкі әуе рейстері толығымен қалпына келтірілген», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Сонымен қатар ол бүгінгі таңда 15 ішкі авиабағдар субсидияланатындығын айтты.


«Ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес министрлік Түркиямен және Оңтүстік Кореямен Халықаралық авиарейстерді қайта бастау мәселесін пысықтады. Осы жылдың 10 тамызынан бастап Таиланд пен Грузияға авиарейстерді қайта жандандыру жоспарлануда. Ұшулар көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады», - деді Сайранбек Бармақов.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет