Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды

0
409

Биыл тамызда Астанада бүгін Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің бірлескен бизнес форумы өткен еді.


Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтқан, деп жазады ulysmedia.kz.

"Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан "Талибан қозғалысын" алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізімінде жоқ", – деген Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, биыл тамызда Астанада бүгін Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің бірлескен бизнес форумы өткен еді. Кілемін арқалап, шай-пұлын көтеріп келген ауған кәсіпкерлері Қазақстан нарығына қызығады.. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бизнес-форум аясында 190 млн долларға екіжақты келісім жасалғанын, бұл серіктестікті 3 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отырғанын айтқан.