​Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы толық өзгертіледі

0
506

Ұлық ұлыс - Алтын орда». Атырауда осындай тақырыпта халықаралық ғылыми конференция басталды.


​Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы толық өзгертіледі

иллюстрациялық фото

Үш күнге жалғасқан шараның басты мақсаты – Алтын Орда дәуіріндегі мәдени мұраны түгендеу. Тарихи жиында айбыны асқан Алтын Ордаға қатысты құнды деректер айытылып, келелі мәселелер қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

"Мен шуақты Қырым даласынан келдім. Кезіндегі Қырым хандығы Алтын Орданың ажырамас бөлігі ғой. Сондықтан да бұл жиынның түркі халықтарына тигізер пайдасы орасан. Тарихымыз түгенделіп, құнды мәліметтермен алмасамыз. Бұл бастама кезіндегі ойдан құрап жазылған оқиғаларды жоққа шығарып, шынайы тарихтың қайта жандануына көп септігін тигізері хақ"- дейді Қырым инженер-педагогика университетінің доценті, Әбжеміл Абдулхаиров.

Мәмілелі іске негізделген мәжілісте білім және ғылым министірі Жошы Ұлысын зерттеуге арналған ғылыми институт құрылатынын айтты. Ал ғалымдар алғаш рет 40 жылдан бері қордаланып жатқан археологиялық қазба жұмыстарының түпнұсқасымен танысты. Тіпті келер жылы Алтын Орда хандары түгенделіп, деректі фильм әзірленетін болды. Сондай-ақ дәл осы тақырып төңірегінде Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы түгел дерлік өзгертіледі.

"Шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмысын күшейту. Республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құруда жоспар дайындау. Ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау – Жошы, Берке, Өздек хандар туралы", - дейді ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен Абаев.