Қазақстан Тәжікстанда өзінің жоғарғы оқу орындарын ашады

0
344

Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.


Қазақстан Тәжікстанда өзінің жоғарғы оқу орындарын ашады

ERNUR.KZ. Тәжікстан астанасындағы Ұлт сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтіп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Екі елдің басшылары саяси, дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

"Қазақстан мен Тәжікстан тәжік студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға квоталар санын көбейту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Тәжікстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарын ашу жоспарланып отыр", - деп жазады Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Тәжікстан басшысы Қазақстанға коронавируспен күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.