«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет - Президент

0
584

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңесте айтты.


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет - Президент

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңесте айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

"Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек", – деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет екенін жеткізді.

"Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді", – деді Президент.