Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

0
63

​Қазақстан мен Түркия екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды.


Қазақстан-Түркия авиарейстері маусым айының соңында жандануы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия арасында келесі айдың үшінші онкүндігінде авиарейстер қайта жандануы мүмкін. Бұл мәселені ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы телефон арқылы талқылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 239 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тонна болды. Транскаспий Халықаралық көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Сонымен қатар, министрлер екі елде де эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет